«Заманауи мемлекеттегі секуляризм және ислам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

03.11.2022

Көрулер: 959

2022 жылдың 3 қарашасында Халықаралық құқық кафедрасы дінтану және мәдениеттану кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырған «Заманауи мемлекеттегі секуляризм және ислам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге профессор-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылды. Дөңгелек үстелдің модераторы з.ғ.к., доцент Машимбаева Г.А.

Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Жекенов Д.Қ. және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Сайрамбаева Ж.Т. сәлемдеме сөзімен дөңгелек үстелді бастады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ең өзекті тақырыптарды талқылады: секуляризмнің ислам мәдениеті мен және білімімен байланысы; Қазақстан Республикасындағы секуляризм және ислам; мемлекеттегі саяси ислам; қазіргі әлемдегі исламды секьюритилендіру.

«Халықаралық құқық» бағдарламасының 2 курс магистранттары Оразаева А.Б., Мереке Б.Н., Тасан С.Е., Пирназаров Қ.Б., дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1 курс докторанты Болатжан Әл-Фараби баяндама жасады.

Шақырылған сарапшы қонақтар – дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісті, ҚМДБ қызметін, экстремизмге қатысты ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы атап өтті. Профессор Айдарбаев Сагынгалий Жоламанович пен доцент Самалдыков Максут Кушекович сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар құқық және ислам саласында осындай факультетаралық және кафедрааралық ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық пен құқықтық білім беруді дамыту керек деп шешті.

Дөңгелек үстелге қатысқан қатысушыларға алғыс білдіреміз!