Халықаралық құқық кафедрасының студенттері М.Әуезов атындағы театрға барды

11.10.2022

Көрулер: 882

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының 4 курс студенттері "Қарағөз" қойылымының тұсаукесеріне М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына барды.

"Қарағөз" трагедиясының премьерасы театрдың 97-ші маусымының ашылуымен тұспа-тұс келді. Кезекті маусымның салтанатты ашылуына арналған құттықтау сөз қазақ театр және кино актері, режиссер, сценарист, КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі А. Әшімовке берілді. Сондай-ақ Т.Жаманқұлов, Н.Мышбаева, Б.Тұрыс, А.Сатыбалды, Д.Ақмолда және басқа да көптеген театр актерлері қатысты.

Спектакль әйгілі жазушы М. Әуезовтың "Қарағөз" трагедиясы негізінде қойылды. Пьеса Қарағөз қызының немере ағасы Сырымға деген бақытсыз махаббаты туралы баяндайды. Мұндай некеге отбасылары қарсы болады. Жас жігіт туған ауылында қуғынға ұшырайды, ал туыстары қызды басқаға тұрмысқа береді. Сүйіктісінен айырыла алмай, Қарагөз есін жоғалтады және соңында қайтыс болады. Әркім өз шындығымен қалды және жеңілді. Адамның жан дүниесіне терең үңілген спектакль қазіргі заманда да өзектілігі бар көптеген күрделі мәселелерді алға тартады.