Адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстел
Көрулер: 1515
Халықаралық адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстел2021 жылы 9 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасы әрбір адамға берілген құқықтар жүйесі – 1948 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылдау құрметіне жыл сайын 10 желтоқсанда атап өтілетін халықаралық адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел ҚазҰУ кітапханасында Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханымның, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының өңірлік өкілі Ришард Коменда мырзаның, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның, Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Айнұр Сәбитованың, ҚазМЗУ университетінің, Тұран университетінің, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің, Алматы менеджмент университеті және т. б. өкілдерінің қатысуымен өтті. Іс-шараға қатысушылар адам құқықтарын қорғау, бала құқықтарын дамытудағы өзекті мәселелерге арналған, адам құқықтары, халықаралық ынтымақтастық және т. б. салалардағы ҚР заңнамасын жетілдіру туралы баяндамалар жасады.






