Ғылымдағы әйел

Кафедра ұжымы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Наталья Александрова Буркованы мерейлі 65 жасқа толуымен шын жүректен құттықтайды 

Ғылымдағы әйел

Бар саналы ғұмырын ғылым мен жас ұрпақ тәрбиесіне, шәкірттеріне сапалы білім беруге арнаған 39 жылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаз, физика-математика ғылымдарының докторы, теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Наталья Александрова Буркова бүгінде алты белестің бел ортасы – 65 жасқа толды. Ол – бұрынғы ыдыраған Кеңес Одағы мен бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы білім саласының үздігі болып, бірнеше шәкірт тәрбиеледі. Наталья Александровна Буркова 1956 жылы 25 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы қаласындағы № 15 орта мектепті алтын медальмен бітіріп, сол жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түсті. Бес жылдан кейін қызыл дипломмен оқуды аяқтап, ұлының дүниеге келуіне қарамастан осы университетте аспирантураны бітірді. Осыдан кейін Киров атындағы университетте теориялық физика кафедрасына жұмысқа орналасты. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері негізінде MAXLAB (Бельгия), Бонн университетінде (Германия), теориялық физика институтында (Грац, Австрия), 1991 жылы АҚШ-та өткен фотоядролық физика бойынша Гордон конференциясында және т.б. шақырылған баяндамаларымен сөз сөйледі. Бүгінгі таңда, бұл кісінің жетекшілігімен осы университетте 2 кандидаттық диссертация, бір PhD, 30-дан астам магистрлік диссертация қорғалды. Беделді халықаралық журналдарда 32 жарияланымы және неміс Lambert баспасында екі монографиясы бар. Қорыта келе, бізге «Өз өмірін ғылыммен байланыстырған» Наталья Александрова Буркованы келіп жеткен туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Шәкіртіңіз мақтан тұтар біліңіз, Әр уақытта күлімсіреп жүріңіз. Алты белес ортасына келіпсіз, Құтты болсын, сіздің туған күніңіз!-дей келе, Наталья Александровна Буркованың деніне саулық, қажымас қайрат, сарқылмас күш пен жұмыста табыс тілейміз!

 

                                                           Кафедра ұжымы

Басылым күні :  28.04.2021