Жаңалықтар

"1 НАУРЫЗ - Алғыс айту күні"кураторлық сағаты

01.03.2023

2023 жылдың 01 наурызында дене шынықтыру және спорт кафедрасында қазақ бөлімінің оқу тобы, 4 курс, дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері мен куратор-эдвайзер Адильжанова М.И. "1 НАУРЫЗ - Алғыс айту күні" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мәселелері мен болашағы»

14.02.2023

2023 жылдың 10 ақпанында сағат 10.00-18.00 ЖОО оқытушыларына, мектеп мұғалімдеріне, студенттерге және жас ғалымдарға, жаттықтырушыларға арналған «Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн режимінде өтті.

           Конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Малиновский Константин-оқ атудан Әлем Кубогының күміс жүлдегері

07.02.2023

2023 жылдың 27 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Индонезияның Джакарта қаласында оқ атудан Әлем Кубогының жарысы өтті. Қазақстандық атқыш, "дене шынықтыру және спорт" мамандығының 2 курс магистранты Малиновский Константин "пневматикалық мылтық" жаттығуында Әлем Кубогының күмісін жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

"Дене тәрбиесі мен спортты дамыту мәселелері мен перспективалары" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

01.02.2023

2023 жылғы 10 ақпанда сағат 10.00-18.00 аралығында ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері, студенттер мен жас ғалымдар үшін "дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мәселелері мен перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция онлайн форматта өткізілетін болады.

Конференцияны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы ҚР ПМ Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырады.

Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- білім беру жүйесінің түрлі буындарында дене шынықтыру оқытушыларының ғылыми-әдістемелік және практикалық жұмысын дамыту және жетілдіру;

- оқытушылардың, жаттықтырушылардың озық педагогикалық тәжірибесін тарату;

- инновациялық технологияларды қолданатын педагог қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру;

- денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топқа жатқызылған білім алушылармен және мүмкіндігі шектеулі адамдармен дене шынықтыру бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін насихаттау.

Ары қарай оқу >>

Тойкова Мөлдір-бокстан 2023 жылғы Азия чемпионатының 22 жасқа дейінгі қола жүлдегері

25.01.2023

2023 жылдың 18 қаңтарында Бангкокта (Тайланд) 22 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпионатының жарысы өтті. Осы жарыстарда "Дене шынықтыру және спорт"мамандығының 3 курс студенті Тойкова Мөлдір 50 келі салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

Сыбайлас жемқорлықсыз университет

07.12.2022

2022 жылғы 7 желтоқсанда сағат 12.30-да спорт кешенінің №6 акт залында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шара өтті. Осы іс-шара аясында «Сенің құқығың, сенің рөлің: сыбайлас жемқорлыққа жоқ деп айт» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері, магистранттары және профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы п.ғ.к., доцент Мадиева Ғалия Баянжанқызы.

Ары қарай оқу >>

Садуақас Бекарыс – дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы.

16.11.2022

Садуақас Бекарыс – дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы.

2022 жылғы 17 қарашада Атырау қаласында (Қазақстан Республикасы) дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Бұл жарыста "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 2 курс студенті (қысқ.) Садуақас Бекарыс дзюдодан 100 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды

Ары қарай оқу >>

Қойбағар Дархан – дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының қола жүлдегері.

15.11.2022

Қойбағар Дархан – дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының қола жүлдегері.

2022 жылғы 15 қарашада Атырау қаласында (Қазақстан Республикасы) дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Бұл жарыстарда "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 3 курс студенті (қысқ.,) Қойбағар Дархан 73 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды

Ары қарай оқу >>

Нарынова Мөлдір – дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері.

15.11.2022

Нарынова Мөлдір – дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері.

2022 жылғы 15 қарашада Атырау қаласында (Қазақстан Республикасы) дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Бұл жарыстарда "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 3 курс студенті (қысқ.) Нарынова Мөлдір 63 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды

Ары қарай оқу >>