"1 НАУРЫЗ - Алғыс айту күні"кураторлық сағаты

01.03.2023

Көрулер: 945

2023 жылдың 01 наурызында дене шынықтыру және спорт кафедрасында қазақ бөлімінің оқу тобы, 4 курс, дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері мен куратор-эдвайзер Адильжанова М.И. "1 НАУРЫЗ - Алғыс айту күні" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағат барысында студенттер осы "1 НАУРЫЗ - Алғыс айту күні" мерекесінің пайда болу тарихымен танысты, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні болып жарияланғаны туралы ҚР № 173 Жарлығына қол қойылды.

Кураторлық сағат барысында студенттер Отанына, ата-аналарына, достарына, қоршаған ортаға және кафедра оқытушыларына алғыс айтып өлең оқыды. Куратор "Күн шеңбері" ойынын өткізді, онда барлық оқытушылар мен студенттер бір-бірінің қолынан ұстап алғыс сөздерін айтты. Ризашылық-бұл біреу екіншісіне деген сүйіспеншілігін білдірсе, рахмет айтады. Ризашылықты сөзбен немесе қимыл, әрекет және тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде білдіруге болады. Әркім өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын ризашылықпен бағалай алады. Осы сипаттағы іс-шаралар студенттердің эстетикалық, мәдени, адамгершілік қарым-қатынастарында жан-жақты дамуын, жанашыр және мейірімді адамдар болуын қалыптастырады. Іс-шарада тәрбие мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілді, келешекте адамгершілік тәрбие бойынша жұмыс жүргізілді.