"Дене тәрбиесі мен спортты дамыту мәселелері мен перспективалары" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

01.02.2023

Көрулер: 869

2023 жылғы 10 ақпанда сағат 10.00-18.00 аралығында ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері, студенттер мен жас ғалымдар үшін "дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мәселелері мен перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция онлайн форматта өткізілетін болады.

Конференцияны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы ҚР ПМ Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырады.

Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- білім беру жүйесінің түрлі буындарында дене шынықтыру оқытушыларының ғылыми-әдістемелік және практикалық жұмысын дамыту және жетілдіру;

- оқытушылардың, жаттықтырушылардың озық педагогикалық тәжірибесін тарату;

- инновациялық технологияларды қолданатын педагог қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру;

- денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топқа жатқызылған білім алушылармен және мүмкіндігі шектеулі адамдармен дене шынықтыру бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін насихаттау.

Конференция үш секция бойынша өтеді:

1. Білім беру жүйесіндегі дене шынықтыру және спорт.

2. Этноспорттың, бұқаралық спорттың және жоғары жетістіктер спортының жай-күйі, проблемалары, перспективалары.

3. Сауықтыру, бейімделу және инклюзивті дене шынықтыру бойынша өзекті мәселелер.

Конференцияға Литва, Латвия, Жапония, Түркия және Ресей ғалымдарының қатысуы, сондай-ақ жоғары оқу орындарының, мектептердің жетекші оқытушылары мен ҚР жас ғалымдарының сөз сөйлеуі жоспарлануда.

Конференция соңында қорытындылар шығарылып, Қарар қабылданады.

Конференция соңында барлық қатысушыларға электронды сертификаттар мен электронды жинақ табысталады.

Барлық ниет білдірушілерді сілтеме бойынша ZOOM платформасында онлайн конференцияға қатысуға шақырамыз: https://us02web.zoom.us/j/82641968653?pwd=RWwxZHc1M2JmUUptbXAwOGI1YTlxUT09 Код доступа: 486061