Сыбайлас жемқорлықсыз университет

07.12.2022

Көрулер: 1116

2022 жылғы 7 желтоқсанда сағат 12.30-да спорт кешенінің №6 акт залында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шара өтті. Осы іс-шара аясында «Сенің құқығың, сенің рөлің: сыбайлас жемқорлыққа жоқ деп айт» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері, магистранттары және профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы п.ғ.к., доцент Мадиева Ғалия Баянжанқызы.