«СИҚЫРЛЫ ОРЫС СӨЗДЕРІ» (ОРЫСША СӨЙЛЕУ ЭТИКЕТІН ҮЙРЕТУ)

30.10.2020

Көрулер: 1814

Түркіменстаннан келген студенттер екінші жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түрлі факультеттерде оқиды. Олар білімдерін тек өз мамандықтары бойынша ғана емес, сонымен қатар филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті бөлімінде орыс тілін оқиды. Пушкин, Толстой, Достоевскийдің тілдерімен танысу тек академиялық зерттеулермен ғана шектелмейді. Шетелдік студенттер тілдік дағдыларын «Орыс әлемі» этноклубындағы кездесулерде машықтайды, оның мақсаты коммуникативті дағдыларды дамыту, орыс тілінде пікірталас жүргізу дағдыларын қалыптастыру; орыс тілін шет тілі ретінде оқып жатқан шетелдік студенттердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру; шетелдік студенттердің әлеуметтік-мәдени бейімделуі.
               Түрікменстаннан келген студенттер тек орыс тілін ғана емес, сонымен бірге орыс мәдениетін де үйреніп,біліп жатыр.
               Филология және әлем тілдері факультетінің «Орыс әлемі» этноклубы «Сиқырлы орыс сөздері (орысша сөйлеу этикетін үйрету)» тақырыбында кезекті ашық білім беру іс-шарасын онлайн режимінде өткізді. Клуб отырысы орысша сөйлеу этикетінің ережелерін талқылауға арналды. Студенттер өз сөздерінде күнделікті қолданатын «сәлем», «қош бол», «кешір» және т.б. сияқты таныс сөздерді қайта тауып, шығу тарихын, қызықты тарихи фактілерді біліп, осы сөздермен ресейлік фильмдер мен мультфильмдердің атаулары туралы киновикторинасына белсенді қатысты.

            Шетелдік студенттер этноклубта көңілді, жайбарақат атмосферада өтетін кездесулерді асыға күтеді және ұлы тіл туралы өздерінің кішкентай ашуларына өте қуанышты.