Факультет деканының талапкерлермен кездесуі

07.06.2021

Көрулер: 1816

2021 жылы 7 маусымда ZOOM платформасында ҚазҰУ-дың филология факультеті талапкерлермен онлайн-кездесу ұйымдастырды. Кездесу факультет деканы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жолдасбекова Баян Өмірбекқызының құттықтау сөздерімен басталды.

Кіріспе сөзден кейін декан «Филология факультетінің даму стратегиясы» туралы презентация жасап, талапкерлер мен кездесу қонақтары үшін баяндама жасады. Ол факультеттің миссиясы, тарихы мен құрылымы, қолданыстағы білім беру бағдарламалары, серіктес университеттер, бакалавриат, магистратура және PhD докторантурадағы қос дипломдық бағдарламалар туралы айтты. Декан өз сөзінде факультетте жаңа мамандықтың пайда болғанын атап өтті: «түркология». Профессор Жолдасбекова Б.Ө. «Flagman» бағдарламасы аясында американдық студенттер жыл сайын қазақ және орыс тілдерін үйрену үшін келетіндігін баса айтты. Бұдан әрі слайдтарда филология факультетінің соңғы жылдардағы жетістіктері көрсетілді.

Деканның сөзінен кейін отырысқа қатысушылар белсенді түрде деканға және кафедра меңгерушілеріне сұрақтар қойды. Сұрақтар негізінен бакалавриатқа, магистратураға және докторантураға түсу ережелеріне, сонымен қатар шекті баллға қатысты болды.

Кездесу соңында факультет деканы Баян Өмірбекқызы қонақтарға алғысын білдіріп, филология факультетінің - университеттің ең көне және ең үлкен факультеттерінің бірі - талапкерлер үшін әрдайым ашық екенін атап өтті.