«Балаларға Олжас туралы» вебинар

28.05.2021

Көрулер: 1838

   21 мамырда № 9 «Нұршашу» (Нұр-Сұлтан) балабақшасының тәрбиеленушілерінен бастап әр түрлі жастағы балаларды біріктіретін «Балаларға Олжас туралы» вебинар өткізілді. Балалар өздерінің тәрбиешілерінің, ата-аналарының, мектеп мұғалімдерінің басшылығымен қазақтың әйгілі ақыны және ойшылы Олжас Сүлейменовтің өлеңдерін шын жүректен оқыды. № 72 мектеп-лицейінің оқушылары (Нұр-Сұлтан) О.Сүлейменовтің сүйікті өлеңдерін ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде оқыды.

   Модераторлар филология ғылымдарының кандидаты, ЕАГИ доценті, Маликова Жанар Дәулетпайқызы (Нұр-Сұлтан), № 9 «Нұршашу» балабақшасының орыс тілі мұғалімі (Нұр-Сұлтан) және № 9 «Нұршашу» балабақшасының әдіскері Әсел Ғабитқызы Махметова болды (Нұр-Сұлтан).

Вебинарға қатысушылардың сөздері балабақшада орыс тілін оқытудың әдістемелік мәселелеріне, отбасылық оқудың маңыздылығына арналды. Сондай-ақ, мұғалімдер мен тәрбиешілер дайындық сыныптарында, балабақшада Олжас Сүлейменовтің шығармашылығына арналған бейне сабақтарын көрсетті.