2021 жылдың 30 сәуірінде «Әдеби өзара байланыстың әдіс-тәсілдері: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

12.05.2021

Көрулер: 1466

Дөңгелек үстелге Ресей халықтар достастығы университетінің (RUDN university) филология факультеті орыс және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушылары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті орыс филологиясы және әлемдік әдебиет кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ Қазақстан Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институтының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлегендер:

RUDN university орыс және шетел әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А. Г. Коваленко

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қ. С. Матыжанов

Институттың халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы мен Халықаралық Қазақ ПЕН-клубы басқармасының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. В. Ананьева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің деканы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Жолдасбекова.

Дөңгелек үстел аясында әдеби қарым-қатынастың түрлі аспектілері қарастырылды.

RUDN university орыс және шетел әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Г. Коваленко бірнеше бағыттар бойынша бірлескен ғылыми әзірлемелерді ұсынды: әдебиетті оқытудың әдістемелік мәселелері, шетел әдебиеті, Ресей-Қазақстан коммуникациясы тұрғысынан қарағандағы орыс әдебиеті. Александр Георгиевич «Ресей халықтар достығы университетінің хабаршысы. Филология, журналистика сериясы» атты ғылыми журналға бастама салды, оның алғашқы нөмірі Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығына арналады. Биыл әлемдік қауымдастық орыс классигінің туғанына 200 жыл толуын атап өтеді. А.Г. Коваленконың ғылыми баяндамасы қазіргі орыс прозасындағы тарихилық мәселелеріне арналды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор В.В. Шервашидзе Француз автофикциялық прозасындағы нарративті сәйкестілік туралы айтты.

RUDN university орыс және шетел әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Т. В. Коренькова өзінің ғылыми баяндамасын «Клиповое мышление – его тупики и поиск выхода» атты өзекті тақырыбына арнады.

RUDN university кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты К. Н. Галай «көркем әдебиет және заманауи медиа кеңістік» тақырыбы бойынша қызықты презентация дайындады.

Институттың халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы мен Халықаралық Қазақ ПЕН-клубы басқармасының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.В. Ананьева Ресей әдебиеттанушыларын жаңа ғылыми басылымдармен және отандық әдебиеттанушыларды зерттеудің негізгі бағыттарымен таныстырды. Әлемдік әдеби процесстегі Қазақстан халқының қазіргі әдебиеті, қазақ-америка әдеби байланыстары және тағы да басқа тақырыптар бойынша ұжымдық монографиялар ұсынылды. Ғылыми баяндамасының тақырыбы «Әдеби заманауилық: есімдер, концепттер» - Г.Пряхин, С.Санбаев, Ю. Козлов еңбектеріне арналған.

Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысып, ғылыми баяндамалар жасағандар:

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты А. К. Қалиева «Салыстырмалы әдебиеттанудың қазіргі жағдайы».

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор А. С. Исмакова феноменология және өзара әдеби әрекеттестіктің негіздері туралы әңгімеледі.

Бас ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының докторы А. Т. Хамраев – қазақ және ұйғыр әдебиеттерінің өзара байланысының ерекшеліктері туралы айтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің деканы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Ө. Жолдасбекова РХДУ-дағы әріптестермен ғылыми байланыстар мен бірлескен бағдарламаларды жалғастыру бастамасын көтерді, сондай-ақ RUDN university мен ҚазҰУ арасында қол қойылған жаңа консорциум шеңберіндегі бірлескен бағдарламалар және көпжылдық ынтымақтастық туралы әңгімеледі.

Дөңгелек үстел жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті С.Қ. Мизанбеков қатысып «Мамандарды үздіксіз даярлау (қайта даярлау) жүйесінің негізі ретінде интерактивті және қашықтықтан оқыту формасының болашағы» тақырыбына баяндама жасады.

Сондай-ақ, екінші оқу жылының докторанты, педагогика ғылымдарының магистрі, прозашы, ақын, Институттың ғылыми қызметкері О.А. Арукенова «Дебюттік мәтін дәуірдің жеке және ұжымдық жарақаттарының көрінісі ретінде» тақырыбына және РХДУ-дың орыс және шетел әдебиеті кафедрасының екінші оқу жылының аспирантурасы Ж. Маратова «Дж. Р.Р.Толкин шығармашылығының ойындық кеңістігі», сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының докторанты Көлбаева А.Ж. «Педагогикалық теория мен қазіргі педагогикалық тұжырымдамалардағы жоғары сынып оқушыларын рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселесінің жағдайы» тақырыбына арналған баяндамаларын оқыды.

Дөңгелек үстел жұмысы және оның мәселелерін қарастыру аясында көптеген сұрақтар қойылып, нәтижелі қарым-қатынас, тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

Қатысушылар айтылған талқылау мәселесінің маңыздылығы мен өзектілігін, тыңдалған хабарламалардың мазмұндылығын, олардың практикалық-бағытталған сипаты мен кәсіби қызметтің қайта ойластыруы үшін айтылған ақпараттардың пайдасы туралы пікірлерін білдірді. ҚР БҒМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институты қызметкерлері, RUDN university мен ҚазҰУ-дың әдебиеттанушылары мен оқытушыларын біріктірген онлайн іс-шараға қатысушылар, әдеби өзара іс-қимылдың болашағы туралы, әлемнің түрлі елдерінен келген пікірлестерді ғылыми орбитаға тарта отырып, оларды құрумен үнемі айналысу керектігі туралы айтты.