«Елін сүйген Елбасы»

29.11.2020

Көрулер: 1530

29 қарашада Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйгенЕлбасы» атты салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараға - төраға орынбасары Қазақстан Республикасы ПрезидентіӘкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісіЖансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясыныңмүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері менбелсенділері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, ғылыми жәнешығармашылық зиялы қауым өкілдері, университет оқытушылары менстуденттері қатысты.Іс-шара аясында қазақстандық мемлекеттілікті құруға, елдегі қоғамдықкелісімді, жастар арасында азаматтық-патриоттық және руханиқұндылықтарды тәрбиелеуге зор үлес қосқан ҚХА мүшелеріне марапаттартабысталды.Құрметті марапат - «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі -филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетелфилологиясы және аударма ісі кафедрасының профессоры СүлейменоваЭлеонора Дюсеновна мен филология ғылымдарының докторы, әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасыныңпрофессоры Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызына берілді.Факультет ұжымы әріптестерін маңызды марапаттардың берілуімен шынжүректен құттықтайды!