Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері және оның даму жолдары..

 

Әдебиет – бұл әлемдік және ұлттық мәдениеттің қазынасы. Қазіргі қиын өмір жағдайында біз кейде оның өмірдегі рөлі мен маңызын ұмытып кетеміз. Әдеби шығармалар арқылы біз кез-келген мемлекеттің өміріндегі маңызды тарихи белестерді байқай аламыз. Біз әдеби шығармаларды оқи отырып, ой-өрісімізді кеңейтіп қана қоймай, ішкі әлемімізді де бай және жарқын ете аламыз. Проза немесе поэзия әлеміне ене отырып, біз адами құндылықтарды бірінші орынға қойып, өмірлік тәжірибемізді жарқын жақта бедерлей аламыз. Осыған орай, 2020 жылдың 29 қазанында ZOOM платформасында қазақ әдебиеті және әдебиеті теориясы кафедрасы қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне арналған онлайн-конференция өткізді. Онлайн конференция әдебиеттанудың көрнекті ғалымы, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Зинол-Ғабден Қабиұлы Бисенғалидің 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылып, жиынында қазақ әдебиетінің проза, поэзия және публицистика жанрларын зерттеу ісіне сүбелі еңбек сіңірген профессор З.Бисенғалидің ғылыми еңбектерін филологиядағы соңғы парадигмалар тұрғысынан өзекті мәселелер сөз болды.
Конференцияға жақын және алыс шетелдердің (Түркия, Жапония, Қырғыз Республикасы) ғалымдары, қазақстандық әдебиеттанушы ғалымдар, ЖОО оқытушылары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Конференция аясында отандық және әлемдік әдебиеттанудың даму бағыттары мен тенденциялары қарастырылды.
Конференцияны белгілі қазақстандық мемлекет қайраткері, ақын, драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин ашты. Ол өз сөзінде бүгінгі мерей той иесіне деген ризашылығы мен құрметін білдіріп, оның отандық және әлемдік әдеби сынның дамуына қосқан үлесінің қаншалықты маңызды және салмақты екенін атап өтті. Кіріспе бөлімінде академик Абдылдажан Акматалиев (Қырғыз Республикасы) өз сөзінде, академик Зинол-Ғабден Бисенғали Қабиұлының шығармашылығы жайлы айта келіп, Қазақстан мен Қырғызстанның ғылыми қоғамдастығы арасындағы ғылыми байланысты нығайту жайында өз тілігін білдірді. Кіріспе бөлімі белгілі филолог, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, профессор Ж.Д..Дәдебаевтың сөзімен аяқталды. Кіріспе бөлімнен кейін пленарлық бөлім басталды. Конференцияда ұсынылған баяндамалар профессор Зинол-Ғабден Бисенғалидің зерттеу жұмыстарының филолог-әдебиеттанушы студенттерінің оқу процесіндегі рөліне арналды. Іс-шара магистранттар, докторанттар мен студенттердің құттықтауымен және әдемі әдеби пікірталаспен аяқталды.

www.kaznu.kz