Жаңалықтар

«Исламдық қаржы» мамандығының докторанты мақтанышпен FRM атағына ие болды!

04.11.2019

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Біздің «Исламдық қаржы» мамандығының 1-ші курс докторанты, АХҚО-ның сертификатталған тренері Әділбек Рысқұлов қаржыгер ретінде өзінің мансабындағы тағы бір шыңын бағындырды және мақтанышпен Financial Risk Manager (FRM®) атағына ие болды! Financial Risk Manager (FRM®) - бұл бүкіл әлемге танымал және қаржылық тәуекелдерді басқару саласындағы мамандар үшін ең танымал сертификаттау. Әлемнің барлық дерлік банктері мен фирмаларында тәуекелдерді басқару бойынша мамандар сұранысқа ие болып табылады.

Ары қарай оқу >>

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Қ. ТОҚАЕВ ҚАЗҰУ-ДА БОЛДЫ

29.10.2019

Еліміздің жетекші университетіне сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті ҚазҰУ-дың цифрлық технологияларды енгізудегі жетістіктерімен, іскерлік құзыреттіліктерді дамыту кластерімен және Исламдық қаржы орталығының, "Ситуацияны басқару орталығының" және СҚКО "Керемет" жұмысымен танысты.

Ары қарай оқу >>

ISLAMIC FINANCE DAY

04.10.2019

Алматыда алғаш рет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ислам қаржы Орталығында Islamic Finance Day оқу семинары өтті. Қазақстандағы Исламдық қаржы апталығы аясында өткен шараны ҚазҰУ университеті Астана халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Islamic Finance Day алаңының мақсаты, халықаралық тәжірибе алмасу мен өңірдегі исламдық қаржыландыруды дамыту мәселелерін сындарлы талқылау. Сондай-ақ исламдық қаржы құралдары туралы жұртшылықты хабардар болуын арттыру.

Ары қарай оқу >>