Жаңалықтар

АХҚО Бюросы исламдық қаржыландыру біліктілігін халықаралық сертификаттауға дайындық курсының жаңа маусымын бастайды

22.02.2020

Құрметті достар, АХҚО Бюросы Алматыда исламдық қаржыландыру біліктілігін халықаралық сертификаттауға дайындық курсының (Chartered Institute for Securities and Investment) жаңа маусымын бастайтындығын хабарлаймыз!

IFQ - бұл исламдық қаржыландыруды техникалық жағынан да, шариғат тұрғысынан да қарастыратын ғаламдық біліктілік. Ол шариғаттың бизнес контекстіндегі әсері туралы түсінік береді және исламдық қаржыландыру және Такафул (исламдық сақтандыру) саласындағы жетекші лауазымдарға үміткерлер дайындайды.

Ары қарай оқу >>

Исламдық қаржы орталығының директоры Хамад Бин Халифа университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті

17.02.2020

Исламдық қаржы орталығының директоры және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес жоғары мектебінің 2-курс докторанты 45 күн бойы Дохадағы Хамад Бин Халифа университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Университет исламдық қаржыландыру саласындағы көшбасшылардың бірі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың стратегиялық серіктесі болып табылады.

Тағылымдама кезінде құнды ғылыми тәжірибелер жинақталды, сонымен қатар қос дипломды магистрлік бағдарламаны енгізу процесі белсенді түрде қарастырылып, келіссөздер жүргізілді, бағдарламаның мазмұны серіктес университеттің Ғылыми кеңесінде талқыланып, бағдарлама картасының жобасы жасалды.

Ары қарай оқу >>

Экономика және бизнес жоғары мектебі ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары 5-ші Қазақстан-Катар жоғары деңгейлі бірлескен комиссиясының сарапшылар тобының отырысына қатысты

14.02.2020

Экономика және бизнес жоғары мектебі ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары, PhD докторы Жидебекқызы Ақнұр 5-ші Қазақстан-Катар жоғары деңгейлі бірлескен комиссиясының сарапшылар тобының отырысына қатысты. Үкіметаралық комиссия 2020 жылғы 13-14 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеді. Тараптар Катар эмирі шейх Тамима бен Хамада әль Танидың 2020 жылдың наурыз айында Қазақстанға жоспарланған сапарын, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық, банктік және білім беру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Ары қарай оқу >>

Исламдық қаржы орталығының зерттеу нәтижелері «Жылдың үздік мақаласы» байқауына ұсынылады

06.12.2019

Сіздерді 12.12.2019 жылы Қазақстанның астанасында өтетін жыл сайынғы әлемдегі зерттеушілердің халықаралық- - Science Forum: Research Impact ғылыми іс-шарасына шақырамыз.

Elsevier және АХҚО Бюросымен бірлесіп ұйымдастырылған Research Impact II ғылыми форумы Қазақстан мен алыс шетел ғалымдары, сарапшылары, тәжірибелі мамандары мен сала жетекшілерін бір алаңға жинап, білім мен ғылымның даму перспективаларын талқылауға арналған ашық алаң болады. Сонымен қатар, форумда саланың ең танымал өкілдері атап өтіледі және осы салада сіңірген ерекше еңбектері үшін марапатталады.

Ары қарай оқу >>