Біз жайлы

 

Орталық Астана Халықаралық Қаржы орталығы мен Хамад Бин Халифа Университеті, Исламдық зерттеулер колледжі, Катар ынтымақтастық аясында құрылған болатын.

 

Орталықтың басты мақсаты халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындаумен қатар, Исламдық қаржы білімін Қазақстаннан тыс та дамыту болып табылады. Білім беру бағдарламалары елдің Исламдық қаржы институттары мен ұйымдарының қатысуымен құрылады және халықаралық квалификациялық сертификаттау бағдарламасы білім беру бағдарламасына енгізілген.

 

Орталық қызметінің нәтижелері исламдық қаржыландыруды дамытуға қосқан үлесі үшін беделді халықаралықGlobal Islamic Finance Awards (GIFA) марапатында Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020 санатында атап өтілді.

 

Халықаралық зерттеу Орталық қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады, Катар, Индонезия, Оман және Малайзияның белгілі профессорлары PhD зерттеулерінің ғылыми жетекшілігін жүзеге асырады және Исламдық қаржы және экономика саласында бірлесіп зерттеулер жүргізеді. Орталық елдегі алғашқы болып Исламдық қаржы саласында магистрлер мен докторларды оқытады.

  Картинка не найдена или некорректна 

 

 

Әл-Фараби ҚазҰУ Исламдық қаржы

Білім беру және ғылыми орталығы:

 

  • Исламдық қаржы Магистрлік бағдарлама
  • Исламдық қаржы PhD докторлық бағдарлама
  • Қашықтықтан оқыту бағдарламалары, стан-елдері үшін онлайн-курстар
  • Қысқа мерзімді және орта мерзімді курстар
  • Қаржы секторының мамандарына арналған тренингтер BCPD АХҚО, IFQ CISI, AAOIFI
  • Шетелдік профессорлардың ҚазҰУ аясында оқыту бағдарламалары
  • Жетекші университеттермен (Катар, Оман, Индонезия) ынтымақтастықта ғылыми және зерттеу жобалары
  • Серіктес-университеттерде магистранттар мен PhD докторанттарға арналған академиялық тағылымдамалар
  • Қос диплом бағдарламасы – ҚазҰУ-HBKU – магистратура аясында (әзірлеу сатысында)
  • Training-center.kz-мен бірге қаржы технологиялары мәселелерін шешу