ХХ-шы «Światłowody i ich zastosowania» - TAL2023 конференциясы

18.09.2023

Көрулер: 436

11-14 қыркүйек аралығында Польша мемлекетінің Люблин қаласында Мари Кюри-Склодовска университетінің «Талшықты-оптикалық технологиялар» зертханасы мен Люблин технологиялық университетінің «Электроника және ақпараттық технологиялар» институтының ұйымдастыруымен өткен ХХ-шы «Światłowody i ich zastosowania» - TAL2023 конференциясына «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының аға оқытушысы, Болашақ бағдараламасының степендианты, Люблин технологиялық университетінің докторанты Орманбекова Айнур Алибековна қатысты. Конференция барысында: жетілдірілген оптикалық технологиялар мен талшықтарды дамыту, талшықты-оптикалық технологияның инновациялық элементтері, оптикалық шешімдерді әртүрлі салаларда қолдану, фотоника саласындағы білімнің маңыздылығы жайында өзекті мәселелер талқыланды.