Наурыз мейрамы құтты болсын!

24.03.2023

Көрулер: 602

Ұлыстың ұлы күні, жаңа жылымызды университетімізде жоғары деңгейде, әдемі мерекелік қазақи көрме, кездесу, бата, тілектер, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тату түрінде, концерттік номерлермен, ректорымыздың кездесуімен мерекелік үлкен іс - шара болып аталып өтуде.
Әдемі әл-Фараби университетіміздің алаңының алдында ақ киіз үйлер тігіліп, әр факультет өз деңгейінде қазақи нышандармен бейнеленген әдемі қол өнерлердің түр-түрін көрме түрінде көрсетті.
Бұл алаңда қазақтың әдемі ұлттық киімдерін киген аяқтарына ұзын сырық ағаш байлап жүргендер де болды. Қазақтың жеті қазынасы құмай тазысы мен қыран бүркіті де бар. Түрлі спорттық ойындар ойнатып, шахматтан бақ сынасты.
Алты қанатты киіз үйлеріміздің іші өте әдемі қазақи нақышта көмкеріліп, үлкен дәмді дастархан жайылған, ол дастархан қонақтар мен оқытушы және студенттерге арнап жайылған, әрине наурыз көжемізбен де сый құрмет көрсетілді. Ректорымыз Қ. Ж. Түймебаев мырза әр факультеттің мерекелік алаңқайларына келіп, қол өнер туындыларын көріп, мерекелерімен құттықтап өтті. Осылайша жаңа келген ырысты жаңа жылымызды үлкен естен кетпес тағы бір қуанышты мереке түрінде қарсы алдық.

Наурыз құтты болсын!