ҚазҰУ қалашығында әз-Наурыз!

24.03.2023

Көрулер: 590

19 наурыз күні ҚазҰУ қалашығында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шара мазмұнды, жарқын және ауқымды сипатқа ие болды. Мерекелік бағдарламада атақты қазақ қолөнершілері мен суретшілерінің, университет оқытушылары мен студенттерінің көрмесі болды. Наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар таратылып, әр ұлттың киіз үйлері тігілді. Мемлекеттік мерекеге арналған ауқымды шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, келген қонақтар ән айтып, би биледі.

Наурыз құтты болсын!