Huawei ICT Competition 2022 Middle East

11.03.2023

Көрулер: 575

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының 3-курс студенті Бегайдарова Аида Оман мемлекетінде халықаралық деңгейде өткен “Huawei ICT Competition 2022 Middle East” жарысында Қазақстан Республикасының атынан шығып III жүлделі орынға ие болды.
Сайысқа 11 мемлекеттен студенттер қатысты. Соның ішінде Қазақстан командасы III жүлделі орын алды. Аидамен бірге бір командада МУИТ және АУЭС студенттері болды.

Бұған дейін Бегайдарова Аида Huawei ұйымдастырған "Huawei ICT Competition 2022-2023 Kazakhstan" конкурсында II орын алды. Конкурсқа Қазақстанның 12 қаласы, 24 ЖОО-дары қатысты. 1500 студент қызығушылық танытқан бұл конкурстан 163 студент “Ұлттық конкурстың финалына” жолдама алған. "Топ 10" кірген жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен сертификат табысталған болатын.