Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз

11.03.2023

Көрулер: 525

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы 06.03.2023 ж. 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – АНА» атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік концертті тамашалауға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар шақырылды. 

«Адамзаттың асылы – Ана» мерекелік іс-шара III кезеңнен тұрады:
I кезең – Ер-азаматтардың факультет қыз-келіншектері мен ана-апаларын арнайы құттықтауы;
II кезең – Факультеттің дамуына ерекше үлес қосқан, жетістіке жеткен әйелдер қауымын мараматтау;
III кезең – Концерттік бағдарлама.

Құрметті, қыз-келіншектер, ардақты аналар! Сіздерді, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен оның мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.