Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы талапкерлерді оқуға түсіруге шақырады

14.07.2022

Көрулер: 1220

Құрметті ТАЛАПКЕРЛЕР!

2022 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлауға асықпыз!⠀

Құжаттарды қабылдау ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯЛАРЫ арқылы жүзеге асырылады.

Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.

⠀Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет:

  • жеке куәлік;👆ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);
  • № 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
  • ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.⠀

Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.