17 наурыз – Игі істер күні

17.03.2022

Көрулер: 1240

17.03.22 жылы Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының Интеллектуалды басқару жүйелері мамандығының 1 курс студенттері «17 наурыз – Игі істер күніне» орай ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында студенттер айналаңа риясыз мейірімділік көрсету, адамдарға жақсылық жасау қашан да игі іс екендігін, адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасаудың сауабы мен маңызына тоқталды.

 

Іс-шараға кафедрамыздың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсембаева Талшын Сағдатбекқызы мен аға куратор-эдвайзері Дуйсембаева Лаура Сериковна қонақ болып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.

 

Іс-шара барысында студенттер өздерінің өнерлерін көрсетіп, түрлі ойындар ойнатылып, тақырыпқа сай ақпараттар айтылып, өлең жолдары оқылды.

 

Іс-шара соңында игі істің бастамасы болып студенттер бір-біріне сыйлықтар табыстады.

 

Куратор-эдвайзерСаметова Айгерім Айдарқызы

 

Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!