Профессор У.А.Тукеевтің мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми конференция өтті

08.10.2021

Көрулер: 1053

8.10.2021ж профессор У.А.Тукеевтің 75 жылдық мерейтойына арналған ақпараттық технологиялар саласындағы Халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияға ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Б.А. Урмашев, оқытушылар мен студенттер қатысты. Сонымен қатар конференцияда «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының оқытушылары баяндама жасады. Кафедра меңгерушісі Мансурова Мадина Есимхановна пленарлық мәжілісте баяндама жасады. Баяндама тақырыбы: «Применение искусственного интеллекта в обработке казахского языка».

Секциялар бойынша баяндамаға кафедра оқытушыларынан:

1.Мансурова М. Е., Тюлепбердинова Г.А., Сулеймен О.Д. Баяндама тақырыбы: «ЖAСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДAЙЫН БАҒAЛАУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ТАЛДАУ».

2.Нуржанов Ч.А., Найзабаева Л.К., Мазаков Т.Ж. Баяндама тақырыбы: «ЭКОИНФОРМАТИКА АЙМАҒЫНДАҒЫ ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕР (ШОЛУ)»

3. Умаров А., Бельгибаев Б., Гриф М., Абенов Б.Қ. Баяндама тақырыбы: « «АҚЫЛДЫ ЖЫЛЫЖАЙ» ЖАҒДАЙЛЫҚ САРАПТАМА ЖҮЙЕСІ»

4. Мухаев Д.К., Байрбекова Г.С., Мазакова А.Т., Әлиасқар М.С. Баяндама тақырыбы: «АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БҰЗЫЛУЫНЫҢ ҚАУІПТЕРІ МЕН ОСАЛДАНУЫН АНЫҚТАУ»

қатысты. Қатысушылар белсене араласып, пікір алысты.