Жасанды интеллект және Big Data кафедра оқытушысы Сакыпбекова М.Ж. ашық кураторлық сабақ өтті
14.05.2021
Көрулер: 1605
Тобы: АиУ 18-12
Куратор-эдвайзер: Сакыпбекова Меруерт Жумабековна
Ашық кураторлық сағат 100-кітап аясында Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңіне және басқада шығармаларына арналды. Студенттер Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңіне өз ойларын білдірді. 1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты. Бұл кітап жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Жазушы сол үшін тергеу органдарының бақылауына алынды, ал "Оян, қазақ!" кәмпескеленді. Екі жылдан кейін осы жинақ қайтадан басылып шықты.








