Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының оқытушысы Абдикаров Рамзат Рахмятжанович «Мұқағали Мақатаевтың таңдамалы шығармалары» тақырыбында 2 курс студенттерімен ашық кеңес сағатын өткізді

10.05.2021

Көрулер: 1860

Куратор-эдвайзер: Абдикаров Рамзат

Екінші курс студенттерімен «Мұқағали Мақатаевтің таңдамалы шығармалары» тақырыбында кураторлық сағат өткізіліп, студенттер қазақтың лирик ақыны жайында өздерінің ашық ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті.

 

 

Ұзақ әңгімеден және лириктің шығармаларын талдаудан кейін студенттер өздерінің ашық ойларын айтты. Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі. Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. Мақатаев Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты. Ақын шығармашылығының басты тақырыбы: туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, Анаға, өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, әйелге махаббат туралы. Ақын қысқа өмірінде, соңына жарқын поэтикалық із қалдырды.