ЖИ және Big Data кафедрасының эдвайзері Нұрмұрат Айдана Шайхысламқызы ашық кураторлық сабақ өткізді
23.04.2021
Көрулер: 1760
ЖИ және Big Data кафедрасының эдвайзері Нұрмұрат Айдана 3-курс студенттерімен алтыншы семестіріміздің үшінші кураторлық сабағы Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» шығармасы аясында өтті.

Студенттер Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» шығармасын толығымен талқылады. Шығарманың негізгі идеясы және қай кейіпкер жүректеріне жақын екендігі айтылды. Сонымен қатар осы шығарма мазмұнына сай келетін мақал – мәтелдер талқыланды. Студенттердің ой-пікірлері тыңдалды. Осы шығармаға байланысты өз ойларын толығымен жеткізді.






