ЖИ және Big Data кафедрасының оқытушысы Абдикаров Рамзат «Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыбында кураторлық сабақ өткізді

20.04.2021

Көрулер: 1450

Екінші курс студенттерімен «Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл» тақырыбында кураторлық сағат өткізіліп, студенттер тәуелсіздік туралы өз пікірлерімен бөлісті. Олар жалпы 30 жыл тәуелсіздігімізде Қазақстанның қалай дамығаны жайында пікірлерін білдірді.

Ұзақ әңгімеден және тәуелсіз еліміздің негізгі тармақтарын талдаудан кейін студенттер өздерінің ашық ойларын айтты. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Тәуелсіз елдің алғашқы президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан. Жазық далаға ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таңыта білді. Қазақстанның әсем мекендері, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге айналды. Қорыта айтқанда студенттер тәуелсіз еркін өмір сүріп жатқанын шынайы бақытты жандармыз деп аяқтадық.