Жас ғалымдар конференциясы өз мәресіне жетті

18.04.2021

Көрулер: 1548

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын еліміздегі ең ірі ғылыми форумға республикалық ЖОО-лар, институттар, ғылыми орталықтар мен алыс-жақын шетелдерден биыл 3 мыңнан астам жас ізденімпаз онлайн қатысты. Конференция секцияларының пленарлық отырыстары университет факультеттерінде қашықтықтан өткізілді. 

Конференцияда докладтар жүргізілу барысында студенттер мен жас ғалымдардың заманауи ғылым мәселелерін шешуге деген қызығушылығының жыл сайын артып келе жатқаны көрінді.

Алқалы жиында ғылымның әртүрлі саласы бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы бағыттағы 120 секция бойынша баяндамалар тыңдалды. Келіп түскен жұмыстар жобаның жаңашылдығы мен маңыздылығы, зерттелу дәрежесі, ақпаратты құрылымдаудың анықтығы, қорытындылардың болуы сынды талаптар бойынша бағаланды. Нәтижесінде 48 студент ректордың дипломымен және әрқайсысы 16 орыннан тұратын І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иелері сәйкесінше 75 000, 50 000, 30 000 қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Соның ішінде жасанды интеллект және Big Data кафедраның 7M07128 - Интеллектуалды басқару жүйелері мамандығының 1 курс магистранты Тасмурзаев Нурдәулет Мұсаханұлы «Фараби Әлемі» атты студенттер мен ғалымдарының халықаралық ғылыми конференция жеңімпазы атанып, II дәрежелі диплом иегері болып, 50 000 теңге ақшалай сыйақы алды. 

Конференция шеңберіндегі жасанды интеллект және Big Data кафедрасының дөңгелек үстелдердің, ғылыми семинарлардың саны мен атауы:

1 секциялар бойынша есеп. Интеллектуалды басқару жүйелері және интернет заттары

Қатысушылар саны – 41, оның ішінде шетелдік-0, ТМД елдерінен – 0.

Секциялар бойынша орын

І орын Ерболат Диас «5В070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандығының 4 курс студенті, тақырыбы: «РАЗРАБОТКА И УПРАВЛЕНИЕ РОБОТИЗИРОВАННОЙ РУКИ»;

ІІ орын 1. Айталиева Ж.А. «5В070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандығының 4 курс студенті, тақырыбы: «ТЕГІС БЕТТЕРДІ БОЯУҒА АРНАЛҒАН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН РОБОТ»;

2. Битаева Ж.Т. «7M07114 - Заттар интернеті» мамандығының 2 курс магистранты, тақырыбы: «АНАЛИЗ МАТЕМАТИЧЕСКОЙ МОДЕЛИ НЕЛИНЕЙНЫХ СИСТЕМ УПРАВЛЕНИЯ ЭНЕРГЕТИЧЕСКИХ ТУРБИН, РАБОТАЮЩИХ НА КОНДЕНСАЦИОННОМ РЕЖИМЕ»;

ІІІ орын 1. Қыраубек Нұрила «5В070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандығының 4 курс студенті, тақырыбы: «MATLAB НEГIЗIНДE POБOТТАPДЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ ТEҢДEУЛEPIН АВТOМАТТЫ ТҮPДE ШЫҒАPУДЫҢ ЭКCПEPИМEНТТIК ЗEPТТEУЛEPI»;

  1. Манасова А.Н., (Асет А., Орманбекова А.А., Исаходжа М.) Г. Даукеева атындағы АЭжБУ-нің «5В070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандығының 4 курс студенті, тақырыбы: «ҮЙДІ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ»;
  2. А. Н. Абилов 4-курса, «5В070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандығының 4 курс студенті, тақырыбы: «РАЗРАБОТКА ПРИЛОЖЕНИЯ ДЛЯ ОБРАБОТКИ КЛИМАТИЧЕСКИХ ДАННЫХ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ МЕТОДА ПРОГНОЗИРОВАНИЯ».