ЖИ және Big Data кафедрасының эдвайзері Дуйсембаева Лаура ашық кураторлық сабақ өткізді

20.03.2021

Көрулер: 1254

ЖИ және Big Data кафедрасының эдвайзері Дуйсембаева Лаура кафедра меңгерішісі Мансурова Мадина Есімхановнамен бірігіп 4-курс студенттерімен «Диплом жұмысын жазуға әдістемелік нұсқаулықты талқылау» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті.

Студенттер диплом жұмысын жазуға әдістемелік нұсқаулықты талқылау барысында өздеріне керекті мәлімет алды. Өздерінің дипломдық жұмыстарына байланысты сұрақтарына жауаптарын алды. Өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты.