Кафедра мұғалімі Баратова Ләззат 3 курс студенттерімен емтихан тапсыру уақыты таяулағанына орай «Студенттерді қашықтықтан емтихан өткізу ережелерімен таныстыру» атты тақырыбымен кураторлық сабақ өткізді.

30.12.2020

Көрулер: 1496

Студенттерге сабақ барысында 2020-2021 оқу жылының күзгі семестрінің сессиясы кезінде қорытынды бақылау (емтихан) өткізу формаларының сипаттамасымен толықтай таныстырылып өтілді. Сонымен қоса, емтихан өту ережелері де айтылды. Емтиханға кешікпей уақытымен кіру керектігі түсіндірілді. Студенттер барлық сұрақтарына толықтай жауаптарын алды.