Кафедра эдвайзері Баратова Ләззат Махамбетқызы Автоматтандыру және басқару мамандығының 3 курс студенттерімен ашық кураторлық сағатын «Экстремизм. Жан мен ақыл үшін шайқас» атты тақырып аясында өткізді.

30.12.2020

Көрулер: 1645

Студенттер үшін «Экстремизм. Жан мен ақыл үшін шайқас» атты кураторлық сабақ өте қызық болды. Сабақтың түрі дебат әдісі бойынша өтіліп, тақырыпқа байланысты түрлі мәселелер қозғалды. Сонымен қоса, видео сабақтар көрсетілді. Білім алушылар психологиялық ауытқуы бар, сенімсіз, күдік тудыратын адамдармен қарым-қатынас жасамау керек екенін түсінді. Студенттерге қиын жағдай туындаған кезде, ең алдымен өзіне жақын адамдармен, куратормен бөлісу керек екендігі айтылды. Осы тақырыпқа байланысты өз ойларын толығымен жеткізді. Кураторлық сабақ қазіргі таңда өзекті тақырыптың бірі болғандықтан қызықты өтті.