Әкімбай Шырын «оқылуға тиіс 100 кітап» аясында Ахмет Байтұрсынов шығармаларына ашық сабақ өткізді
14.12.2020
Көрулер: 1872
Тобы: АиУ 18-5
Куратор-эдвайзер: Әкімбай Шырын
5 семестіріміздің үшінші ашық сабағы «оқылуға тиіс 100 кітап» аясында Ахмет Байтұрсынов атамыздың шығармаларына арналған болатын.

Суденттер осы күнге дейін танысқан Ахмет Байтұрсынов атамыздың шығармалары туралы ойларымен бөлісті. Оның еңбектерімен таныса отырып, студенттер не түйгенін айтып өтті.


Өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деп Абай атамыз атап айтпақшы, осындай ұлы тұлғаның ұлы шығармалары барда, оның аты өлмейді деп студенттер өз ойларымен бөлісті.






