Кафедра эдвайзері Әкімбай Шырын "100 кітап оқу керек" атты шығармашылық сабағын өткізді

14.12.2020

Көрулер: 1880

Тобы: АиУ 18-5

Куратор-эдвайзер: Әкімбай Шырын

 

5 семестіріміздің екінші ашық сабағы «оқылуға тиіс 100 кітап» аясында Міржақып Дулатов атамыздың «Бақытсыз Жамал» атты шығармасына арналған болатын.

Суденттер осы күнге дейін танысқан Міржақып Дулатов атамыздың шығармалары туралы ойларымен бөлісті. Оның еңбектерімен таныса отырып, студенттер не түйгенін айтып өтті. 

Өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. 

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деп Абай атамыз атап айтпақшы, осындай ұлы тұлғаның ұлы шығармалары барда, оның аты өлмейді деп студенттер өз ойларымен бөлісті.