Тюлепбердинова Гульнур Алпыскызы алғыс хатпен марапатталды
09.12.2020
Көрулер: 1914
Қазақтың мақтанышына айналған халқымыздың ұлы ақыны, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, университет деңгейінде іс-шаралар өтті. Сол іс-шараларға біздің студенттеріміз де өз үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Ғасырдан асқан тұлға" атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары студенттері арасында өткен республикалық онлайн-сайысқа Автоматтандыру және басқару мамандығының 3 курс студенті Қойшыбаева Назерке Қойшыбайқызы қатысып, 2 орын иеленді. Жетекшісі Тюлепбердинова Гульнур Алпыскызы алғыс хатпен марапатталды.






