Менің болашақ мамандығым

27.11.2018

Көрулер: 2927

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, автоматтандыру және басқару мамандығының 18-3 тобында қарашаның 27 жұлдызында «Менің болашақ мамандығым.» атты ашық тәрбие сағаты өтті.Ашық тәрбие сағаты барысында студенттердің не үшін дәл осы мамандықты таңдағаны, автоматтандыру және басқару мамандыңының қиындықтары мен болашақтың мамандығының бірі екені түсіндіріліп,сөз етілді

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай “Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді”. Ақыл жастан , асыл тастан деген сөзді айтқанда халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткен болар. Сол үкілеген үмітті артқан жас толқын мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау екенін ұмытпауы керек. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек:оның біріншісі-мамандық таңдау деп құр айтпаған. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандыққа деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек.Содан бері неше ұрпақ ауысса да халықтың жастарға деген сенімі өзгерген жоқ. Жастар әр кез қоғаның қозғаушы күші ретінде танылған.

 

Бір кездері Мағжан бабамыз:

 

Арыстандай айбатты,

 

Жолбарыстай қайратты,

 

 

 

 

 

 

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін,- деп бекерден -бекер айтпаған болар. Сондықтан да келер жас ұрпақ қоғам ,халық алдындағы борышың, міндетің сезіне білуі керек.