Профессор Моханраджға «Different Applications of Compression Heat Pumps» тақырыбында лекциялық курсты сәтті оқығаны үшін сертификат берілді.

27.12.2023

Көрулер: 234

2023 жылғы 4 желтоқсан мен 26 желтоқсан аралығында Үндістанның Индустрия инженерлік-технологиялық колледжінің Инженерлік механика кафедрасының профессоры, д-р. Моханрадж Муругесан Механика кафедрасының профессор қызметін атқарушы Беляев Е.К. шақыруымен «Different Applications of Compression Heat Pumps» тақырыбында дәріс оқыды. 

Қорытынды дәріс барысында профессор Моханрадж дәріс курсын сәтті аяқтаған магистранттарға сертификаттар табыс етті. Сонымен бірге Механика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент Туралина Д.Е. профессор Моханраджға «Different Applications of Compression Heat Pumps» тақырыбында лекциялық курсты сәтті оқығаны үшін сертификат берілді.