МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МАГИСТРАНТТАРЫ - "АБАЙ-ВЕРН" СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ!

30.10.2023

Көрулер: 411

 

Абай-Верн стипендиялық бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Франция Республикасының Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы болып табылады.


Француз-қазақ бірлескен комиссиясы отырысының қорытындысына сай магистратура аясында Францияда оқуға 30 үміткер мақұлданған. Сол жеңімпаздардың 7-і Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультеті "Механика" кафедрасының магистранттары екенін қуана жеткіземіз. Жеңімпаздар тізімінде «7М05405-Механика және энергетика» қос дипломды білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Айтхожа Жансая, Керейкулова Айым,   Калиева Арайлым, Рымқұл Ерсултан, Джамакеев Исламбек және «7М05404-Механика» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Камаш Медет те бар.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

30.10.2023.

Автор: Туралина Д.Е., ф.-м.ғ.к, аға оқытушы.

Механика кафедрасы