Механика кафедрасының PhD докторанты Досмағамбет Нұрдәулеттің жетекшілігімен Қазақстан құрама командасы Сингапурдағы робототехника бойынша жарыстарда чемпион атанды
Көрулер: 860
7-10 қазан аралығында Сингапурда робототехника бойынша халықаралық жарыстар өтті, оған 191 елдің өкілдері қатысты. Бас жеңімпаз механика кафедрасының PhD докторанты, robomech ғылыми-білім беру орталығының белсенді мүшесі және USTEM FOUNDATION (Қазақстан және Орталық Азияда инженерия дамыту Қоғамдық қорының) негізін қалаушылардың бірі Досмағамбет Нұрдәулет Қайратұлы басқаратын Қазақстан құрама командасы болды.

Жарыс аясында Нұрдәулет Досмағамбет 26 елде хабар тарататын CNA халықаралық арнасында тікелей эфирде эксклюзивті сұхбат беріп, еліміздің имиджін нығайтуға өз үлесін қосты. Сонымен қатар, ол ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдында баяндама жасап, өзінің болашақ жоспарлары туралы айтты.

Механика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Алибаева К.А.






