Механика кафедрасының профессор м. а. Беляев Е.К. Themophysics 2023 халықаралық термофизика конференциясына қатысты

16.10.2023

Көрулер: 738

 

 

Механика кафедрасының профессор қызметін атқарушы, АР14872287  «Континенталды климатта күн жылу энергиясын каскадты сақтау тиімділігін фазалық ауыспалы материалдар негізінде зерттеу» тақырыбындағы жоба жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер Беляев Е.К. 2023 жылдың 1 қазан мен 8 қазан аралығында Чехия, Далешчице қаласында Themophysics 2023 (http://thermophysics.fch.vut.cz/2023/index.php) жыл сайынғы халықаралық термофизика конференциясына қатысты.

 

 

 

 

Сонымен қатар 2023 жылдың 9 қазанынан 12 қазанына дейін жоба бойынша жұмысты және одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін Берлин техникалық университетіне барды. Термофизика бойынша Чехияда өткен конференцияда Беляев Е.К. жобаның екі қызметкерімен қатысты: жетекші ғылыми қызметкер Төлеуханов А.Е. және ғылыми қызметкер Ердеш Е.Б.

 

 

Олар бірлесіп жоба аясында алынған зерттеу нәтижелерін ұсынды және тақырып бойынша презентациялар жасады:

1. “Numerical simulation of cascade latent heat thermal energy storage device thermal performance using multiple PCMs”.

2. “Energy and exergy performance study of ground source heat pump in continental climate conditions”.

Осы есептер негізінде AIP конференция материалдары сериясында жарияланатын екі кеңейтілген мақала дайындалды.

 

Механика кафедрасының аға оқытушысы: Алибаева К.А.