ҚазҰУ ғалымы ТМД елдері арасында «Үздік ғылыми қызметкер» атанды

02.05.2023

Көрулер: 537

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті, Механика кафедрасының оқытушысы, робототехникалық жүйелер мамандығының 3 курс докторанты Берік Сағитжанов 21 ғылыми бағыт бойынша 16 шет мемлекеттер қатысқан халықаралық конференциядан I дәрежелі «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР - 2023» медалі және дипломымен марапатталды.

 

 


«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен халықаралық білім және ғылым қызметкерлерін қолдау үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығы «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР – 2023» атты халықаралық кітап жинағының І-шығарылымына орай конференция өткізді. Жинаққа ТМД елдері бойынша 10 мыңға жуық қатысушылардың арасынан конкурстық негізде іріктелген үздік білім және ғылым қызметкерлері енді.

 

Сағитжанов Берік Мейрамұлын марапатымен құттықтай отырып алдағы уақытта да ғылыми жетістіктерге жетуіне тілектестік білдіреміз.