ҚазҰУ студенттері “Ғылым және білім-2023” халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегерлері атанды

20.04.2023

Көрулер: 641

 

2023 жылдың 12 сәуірінде Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті ғылым күні аясында ұйымдастырған “Ғылым және білім-2023” халықаралық ғылыми конференциясы өттті. Конференцияны университет ректоры Ерлан Сыдықов ашты.

 

   Конференцияға ЕҰУ мен қатар Қазақстанның басқада ұйымдарының, жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары, онымен қоса ЕҰУ-нің шетелдік кеңесшілері мен зерттеушілері қатысты.

 

Конференция қатысушылары әртүрлі секциялар бойынша ғылыми жұмыстарын қорғады.

 

Конференцияға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика фаультетінің 4 курс студенттері Елдосқызы Құралай мен Курумбаева Наргиза қатысты. “Физика-техникалық ғылымдар” секциясының “Механика” подсекциясына Елдосқызы Құралай “Полимер қоспасын түйіршікті ортаға енгізудің тиімділігіне жердің жарылуы мен ерімеген полимердің әсерлерін модельдеу”, Курумбаева Наргиза “ Қазақстандағы мұнай қабаттарында CO2 қолдану арқылы мұнай өндіруді арттыру процесін модельдеу” ғылыми жобаларына баяндама жасап, III дәрижелі ЕҰУ нің механика-математика факультеті деканы атынан дипломмен марапатталды.