МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІНЕ ҚХР-ДЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ МЕН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

30.03.2023

Көрулер: 443

 

 

 ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй бастаған делегация 20.03.2023 ж. механика-математика факультетіне келіп, факультеттің жетістіктерімен, ғылыми жұмыстарымен, білім беру бағдарламаларымен және лабораторияларымен танысты.

 

Келген қонақтарға «Механика және сұйық газдар» лабораториясы мен лабораториялық стендтер: «Гидростатика ГС», «Гидродинамика ГД», «Гидравлика» және аэродинамикалық стенд көрсетілді.


 

  

 

 

  Факультет деканы  У.С. Абдибеков «Экологиялық мәселелерді шешудің математикалық әдістері» тақырыбында, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Досжан Н.С. «Ғарыштық инженерияның Қазақстан Республикасында дамуы» тақырыбында баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.