Алғыс айту күні

01.03.2023

Көрулер: 626

 

 Елімізде 1 наурыз – «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде.


Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

 

Баршаңызды бүгінгі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан да аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!