АКАДЕМИК ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ РУХЫНА ТАҒЗЫМ

01.03.2023

Көрулер: 494

 

Саналы ғұмырын білім мен ғылымды көтеруге арнаған қайраткер тұлғаның туғанына биыл 92 жыл толып отыр. Ескерткіш алдында жиналғандар жоғары оқу орнының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Өмірбек Жолдасбековтің рухына тағзым етіп, білім мен қоғамға өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғаны еске алды.

 

 

Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков 1970-1986 жылдары университетте ректор болып қызмет атқарды. Білім ордасын басқарған тұста академик ҚазҰУ қалашығының негізін қалап, жоғары оқу орнын жаңа деңгейге көтерді. Оқытушы-ғалымдар мен қызметкерлерге жағдай жасалып, шетелдің үздік мамандары шақырылды. Ғалымның басшылығымен ЖОО-да жаңа зертханалар, кафедралар, ғылыми орталықтар, сондай-ақ Қазақстан ұлттық инженерлік академиясы құрылды. Өмірбек Арысланұлының ашқан ғылыми жа­ңа­лықтары, ізденіске толы еңбектері Қазақстанда ғана емес, әлемдік ғылыми ортада да кеңінен мойындалды. Қажырлы да табанды еңбе­гінің арқасында механик-ға­лым­­дардың тұтас бір шоғырын тәр­­биелеп шығарды.