ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКА
23.02.2023
Көрулер: 1014
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының ұйымдастыруымен 22 ақпан күні Ө.Жолдасбеков атындағы қызыл залда «Құмар ойындардағы математика» тақырыбындағы спикер Алмас Есбалановтың қатысуымен шеберлік сағаты болып өтті.

Негізгі сағаттың мақсаты математикалық тұрғыдан құмар ойындарға деген көзқарас (алгоритм) жеңілу ықтималдылығы әрқашана жеңу ықтималдылығынан көбірек екенін сандар арқылы көрсетіліп, денсаулыққа зияны жайлы да айтылды. Шеберлік сағатқа оқытушылар мен студенттер қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, өз жауаптарын ала білді.










