ҚазҰУ оқытытушылары Польшаның Краков қаласында өткен «Geotechnology and Energy 2022» халықаралық конференциясында

26.10.2022

Көрулер: 754

 

  Әл – фараби атындағы ҚазҰУ механика – математика факультеті механика кафедрасының аға оқытушысы PhD Алибаева К.А. және доцент м.а., PhD Тунгатарова М.С. 2022 жылдың 19 - 21 қазан аралығында Краков қаласында өткен «Geotechnology and Energy 2022» халықаралық конференциясына қатысты. Аталған конференцияда келесі тақырыпта баяндамалар жасалды.

 

Баяндама тақырыптары:

 

  1. «Study of the influence of rock properties on the efficiency of mineral extraction via In Situ Leaching with varying injection flow rates». (Алибаева К.А.)

 

  1. «Application of streamline simulation for determination of the balance of solution in technological blocks during mineral mining by in-situ leaching». (Тунгатарова М.С.)

 

Ғылыми іссапар механика кафедрасының аға оқытушысы PhD Алибаева К.А. жетекшілік ететін АР08052470 «Уранды жер асты шаймалау әдісімен өндіру барысында технологиялық скважиналарды ұтымды орналастыру және олардың жұмысын басқаруға арналған сандық технология» гранттық жоба аясында қаржыландырылып, жүзеге асырылып отыр.