Механика кафедрасының ПОҚ әскери институттың оқу-әдістемелік жиынына қатысты

05.05.2022

Көрулер: 1169

 

Оқу-әдістемелік жиын Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының базасында өтті.

 

Іс-шараға Әскери институттың профессор-оқытушылар құрамы мен курсанттары қатысты.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасы меңгерушісі Ракишева З. Б., механика кафедрасының доценттері Ким А. В. және Жумашева Ж. Т. баяндама жасады. Семинар барысында қатысушылардың баяндамалары талқыланып, лекторларға сұрақтар қойылды.

 

Семинарға белсенді қатысқаны үшін институт бастығының атынан қонақтар мен қатысушыларға алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді. 

 

 

 

 

 

 

 

Жумашева Ж. Т.,

т. ғ. к., механика кафедрасының қауымдастырылған профессоры,

«Робототехникалық жүйелер» ББ координаторы.