Еуроодақтың ERASMUS+ бағдарламасы шеңберінде серіктес елдердің онлайн-кездесуі

04.05.2022

Көрулер: 959

 

 

Кездесуге қатысқан 27 адам, жоба серіктестері: Әзірбайжаннан – Баку мемлекеттік университеті, Әзірбайжан Ұлттық авиация академиясы, Әзірбайжан сәулет-құрылыс университеті, Мингячевир мемлекеттік университеті, Халықаралық экоэнергетика академиясы; Түркіменстаннан – С. А. Ниязов атындағы Түрікмен ауыл шаруашылық университеті, Магтумгули атындағы Түрікмен мемлекеттік университеті, Халықаралық гуманитарлық ғылымдар және даму университеті; Қазақстаннан – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженерия университеті, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті; сондай-ақ консорциум бойынша серіктестер Германиядан – Берлин техникалық университеті, EXOLAUNCH GmbH компаниясы.

Келесі мәселелер талқыланды:                                           

- ағымдағы сәттегі жобаның жұмыс жоспарын орындау нәтижелері;

- аяқталмаған іс-шараларды толықтау және жоба бойынша консорциумның аралық есебін дайындау үшін серіктес елдердің координаторларының арасында оңтайлы байланыс арналарын анықтау;

- Румынияның Констанца университетінде өтетін тренингке қатысушыларды анықтау үшін оқытушыларды іріктеу критерийлерін әзірлеу және серіктес елдің әрбір ЖОО-ның ОПҚ арасында конкурс өткізу қажеттілігі;

- оқытушылардың алдағы тренингі бойынша ұйымдастыру мәселелері;

- серіктес елдердің жабдықтарды жеткізу және алу бойынша негізгі сәттері;

- staff costs бойынша төлеу және құжаттарды ресімдеу рәсімдері.